Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Түркияда жүзден астам адам медициналық көмек алу үшін алматылық мамандарға жүгінген

25-02-2023, 11:59 Думан Кенжеғазыұлы

Түркиядағы қайғылы оқиға кезінде апат ошақтарында құтқарушылармен бірге пара медицина қызметкерлері де жұмыс істеді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығының басшысы Жазылбай Қозыбахов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында құтқару жұмыстарына қосқан үлесі туралы айтып берді.

«6 ақпанда бізге тапсырма берілді. Алматы қаласындағы филиалда бес адамнан тұратын біріктірілген медициналық топ құруды бастадық. Қажетті дәрі-дәрмектерді, медициналық құрал-жабдықтарды, мүліктерді дайындап, бортқа тиеп, 7 ақпанда Түркия Республикасына, Газиантеп қаласына ұштық», - деді спикер.

Ол жаққа жеткеннен кейін бір топ медицина қызметкері медициналық пункт пен жылу пунктін орнатты. Алғашқы күндерден бастап Түркия азаматтары, оның ішінде жергілікті тұрғындары және біздің құтқарушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлерге жүгіне бастады. Құтқару жұмыстары жүргізілген жалпы кезеңде алматылық дәрігерлер жүзден астам адамға көмек көрсетті, оның ішінде 80-нен астамы Түркия азаматтары. Спикер айтуынша, медициналық көмекке жүгінгендердің көбінің жарақаттары жеңіл, көпшілігі жүйке және тыныс алу органдарының ауруларына шағымданған.

«Біздің құтқарушылар да медициналық көмекке жүгінді. Көбінесе ауыр физикалық жұмысқа байланысты шағын жарақаттанулар болды. Болмашы жаралар, аздаған қанталаулар және т.б. Жергілікті тұрғындардан негізінен күйзеліске байланысты шағымдар болған, қатты шаршау, суық тию белгілері де байқалған», - деп түсіндірді Ж.Қозыбахов.

Түркияға Төтенше жағдайлар министрлігінен барлығы 10 дәрігер барды. Газиантеп қаласында 8 медицина қызметкері жұмыс істеді - бұл фельдшер-дәрігерлер және екеуі Нұрдағы қаласында жұмыс істеді. Біздің дәрігерлердің басты міндеті апат кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, сонымен қатар құтқарушыларымызға медициналық көмек көрсету болды.

Апаттар медицинасы орталығының басшысы атап өткендей, осы уақыт ішінде алматылықтар үлкен тәжірибе жинақтады, қажеттілік туындаған жағдайда басқа жерлерде және елдерде де қолданылатын болады.

«Дәрігерлік-фельдшерлік құрам тәулік бойы жұмыс істеді, біз құтқарушылардың жұмысына қарай жұмыс істеуге тырыстық. Олардың қандай ауыр физикалық, эмоционалдық еңбекпен айналысатынын көрдік. Олардың жеткен жетістіктеріне, адамдардың  құтқарушыларға келіп қалай алғыстарын білдіргеніне куә болдық. Барлық практикалық келіссөздер, барлық кездесулер біздің палатада өтті. Біз болған оқиғаның бәріне еріксіз куә болдық. Тіпті, адамдар келіп алғыстарын білдіріп жатты. Түрік құтқарушылары қалай және не істеу керектігі жөнінде біздің құтқарушылармен кеңесті», - деді ол.

Алматыдан Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерлерге барлығы 33 адам, Апаттар медицинасы орталығынан 5 маман барды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив