Сенаторлар өңірлерде болып, тасқынға қарсы күреске көмек көрсетті
Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев Атырау облысында, Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысында болып, тасқын суға қарсы күресте жерлестеріне көмек көрсетті.
Әлібек Нәутиев Атырау облысындағы тасқын суға байланысты жағдаймен танысты. Ол төтенше жағдайға байланысты тасқын сумен күрес жөніндегі штабтың жұмысына қатысты. Депутат Талдыкөл, Сарайшық, Таңдай, Есмахан, Көздіқара ауылдары мен Махамбет ауданында болды.
Депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов тасқын суға қарсы шараларға көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысына аттанды. Депутат Шемоиха ауданында жергілікті тұрғындармен және аудан басшылығымен кездесіп, ауданның негізгі су айдыны – Үбе өзеніннің ахуалын тексерді. Ол сондай-ақ Глубокое ауданында Белоусов су қоймасының жағдайы мен елді мекендегі су бұру жүйесін мұқият зерделеді және, төтенше жағдайлар қызметінің дайындығына куә болды.