Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қазақстандық волонтерлер еліміздің тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға атсалысады

11-04-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Биыл 19-20 сәуір аралығында Бірыңғай грант операторының қолдауымен Семей қаласында «Даналық» қоғамдық қоры «Мәдени мұра – халық қазынасы» атты ауқымды республикалық форум ұйымдастырады.

Форумда волонтерлер елдегі мәдени ескерткіштердің қазіргі жағдайын талқылайды, оларды қалпына келтіру тәжірибесімен бөлісіп, республикадағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жолдарын қарастырады.

«Мәдени мұра-халық қазынасы» республикалық форумының негізгі міндеті – тарихи-мәдени мұра нысардарын сақтау. «Birgemiz: Asyl мura» тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жалпыұлттық жоба аясында тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жұмыстарына 2000-нан астам волонтер жұмылдырылады.

Форумның мақсаты – деректі сериалдар мен энциклопедиялар шығару арқылы халық арасында тарихи-мәдени мұра нысандарын насихаттау. Мұндай бастамалар мен іс-шаралар елдің мәдени мұрасын сақтауға және азаматтардың осындай үрдістерге белсенді атсалысуына ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив