Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен күдікті анықталды

12-04-2024, 12:46 Мадина Айдарова

34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды. Аңғал азаматтар бейтаныс адамға қызметі үшін сый ретінде қомақты ақша аударған. Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық азамат жүгінген.

– Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив