Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды

15-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік (ұн, макарон, қарақұмық жармасы, ет консервілері және т.б.) броньнан шығарылды.

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және т. б. броньнан шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив