Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Облыс аудандарында экологиялық акция өтіп жатыр

15-04-2024, 18:48 Мадина Айдарова

Экологиялық іс-шара апта сайын өткізіледі. Акцияға тұрғындар, қоғам белсенділері мен ұйымдар, кәсіпорындар және т. б. қатысуда.

Абай ауданындағы акцияға 740 адам қатысты. 16 бірлік техника жұмылдырылып, 932 тұрғын үй ауласы мен 54 оқу орындарының аумағы тазартылды. Нәтижесінде 1 400 текше метр қоқыс шығарылды.

Ақсуат ауданы бойынша 600 адам белсенділік танытты. Жалпы ауданы 120 500 шаршы метр аумақ қоқыстан тазартылды. Тазалауға 17 бірлік техника тартылып, 86 тонна қатты қалдықтар шығарылды.

Ал Курчатов қаласында қалалық субұрқақ, Тәуелсіздік көшесі 37 мекенжайындағы «Құрылысшылар» аллеясының аула аумағы тазартылды. 650-ден астам адам қатысқан акцияда 39 тонна қоқыс шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив