Цифрлық даму министрлігі ТЖ аймақтарына 48 Starlink кешенін жіберді
Бүгінгі таңда базалық станцияларды электрмен жабдықтау және ажырату проблемаларына әкеп соқтырған бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы СҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлары желілерінің жұмысына әсер етті, атап айтқанда, 12 ауылдық елді мекен бойынша базалық станциялар тасымалданатын генераторлардан жұмыс істейді, барлық облыстарда мобильді операторлардың резервінде 300-ден астам генератор бар, жұмыстарға 234 инженер жұмылдырылған. Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап барлық ұялы байланыс операторлары су басқан аймақтарда болды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі облыстық әкімдіктердің сұраныстарына сәйкес су тасқыны аймағындағы өңірлерге 48 Starlink терминалын жіберді.
Министрлік Қостанай облысына 30 терминал, Ақтөбе облысына 3 терминал, БҚО-ға 3 терминал, Ұлытау облысына 1 кешен, Атырау облысына 6 терминал, ШҚО-ға 2, СҚО-ға 3 терминал жіберді. Starlink, ең алдымен, үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін облыс мектептерін жабдықтайды.
Бұл ретте осы аптада республика бойынша бір уақытта қосылу үшін қосымша терминал кешендерін жіберу жоспарлануда. Қажет болған жағдайда және әкімдіктерден тиісті сұраулар түскен жағдайда Министрлік қосымша терминалдар жіберуге дайын.
Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.
Бұдан басқа, ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағындағы абоненттерге тарифтік жоспарларға қосымша ресурстар (40-50 мин, 40-50 СМС және 7 күнге 8-10 Гб) қосты.
Министрлік жедел, үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігіне Thuraya (2 дана) спутниктік телефондарын пайдалануға бергенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімдерді жинап, оларды қарау үшін ТЖМ-ге тапсырды.
Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай мен Әсел Тұрсынмен бірге американдық стартап Қазақстандағы су тасқынына қарсы көмек көрсету үшін автономды дрондарын ұсынады. Технопаркпен серіктестік аясында ARC Drones медициналық материалдарды, гуманитарлық көмекті, азық-түлікті және басқа да шұғыл тауарларды шалғай және жету қиын аймақтарға тиімді жеткізу үшін үш ұшқышсыз дрондарды ұсынады.
Сонымен қатар, Атырау облысының Жылыой ауданында Құлсары қаласында АХАТ және ЗТМО ғимараттары су астында қалғанын хабарлаймыз. Жоғарыда аталған бөлімдерде төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмыс тоқтатылды. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты, филиалдар штаттық режимде жұмыс істейді. ТЖ салдарын жедел жою мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы ғимараттарға келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізуде.