Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Ұлттық ұлан елдің солтүстігі мен батысына қосымша күш жіберді

17-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Ұлттық ұланның 3 мыңнан астам әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқыны болып жатқан Қазақстанның батысы мен солтүстігінде белсенді көмек көрсетіп жатыр.

Бүгінде табиғи апаттың салдарынан еліміздің көптеген аймағы су астында қалды және жергілікті халыққа қауіп төніп тұр. Қазіргі сәтте қауіпті аймақтардан адамдарды уақытылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су басу қауіпі өте жоғары. Алайда үлкен апаттың алдын алу үшін ұландықтар барын салып жатыр. Олар су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялаумен белсенді шұғылданып, тұрғын алаптарда құм салынған қаптардан бөгет тұрғызып жатыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау барысында Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Мәулен Марленов су ортасында қалған адамдарды дер кезінде құтқарды. Ол су тасқынының ортасында тұрып қалған жүк көлігінен 30 адамы шығарып, қауіпсіз аймаққа эвакуациялады.

Жалпы, Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстандағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың алғашқы күндерінен бастап көмекке жұмылдырылды. Жалпы алғанда 3 мыңнан астам офицер мен сержант, курсанттар мен сарбаздар халық арасынан табылды. Бұдан бөлек, ұландықтар табиғи апат аймақтарынан азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысып жатыр. Білгіленген нүктелерге гуманитарлық көмек жеткізеді, тонауға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, су тасқынымен қамтылған көшелерді патрульдейді, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді, су арнасын бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады.

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның жергілікті полкіне 300 адамнан тұратын Шымкент жедел бригадасының жеке құрамы және Қызылордадан 200 сарбаз көмекке барды. Құқықтық тәртіп сақшылары жағалауды нығайту жұмыстарына білек сыбана кірісті. Юннатов, Зачаганск, Старички аудандарында, сондай-ақ Круглозерный кентінде құм толтырылған қапшықтарды дайындауға және жағалауға төсеуге көмектеседі. Сондай-ақ қала ішінде патрульдік-бекеттік қызмет атқарады.

Атырау облысында да су тасқыны жағдайы күрделі болып тұр. 5546 (Атырау қ.) әскери бөлімінің 120-дан астам сарбазы полиция қызметкерлерімен бірлесіп Құлсары қаласының көшелерінде иесіз үйлердегі дүние-мүлікті тонауға жол бермеу бойынша қызмет атқарып жүр, сондай-ақ жеке құрамның бір бөлігі гуманитарлық жүктерді түсіруге және жағалауды нығайту жұмыстарына тартылды. Оларға Қарағанды қаласында орналасқан 5451 әскери бөлімінен 500 жауынгер көмекке барды.

Ақтөбе мен Қостанайда су тасқынына қарсы іс-шаралар мен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жеке құрамды тарту жалғасуда. Жергілікті 6655 және 6697 әскери бөлімдері осы мақсаттар үшін 400-ден астам әскери қызметші бөлді.

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жағдай да ең өзекті мәселелердің бірі. Петропавлға құқықтық тәртіп әскері академиясының 400 курсантына және жергілікті Ұлттық ұлан полкінің 200 сарбазына көмекке астаналық сарбаздар барды. Олар тонауға жол бермеу үшін Солтүстік Қазақстан облысының су басқан елді мекендерінің көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.

Су тасқыны басталғаннан бері Ұлттық ұланның 3 мыңнан астам жауынгері, 145 автомобиль техникасы және 7 әуе транспорты іске араласты. 1644 адам эвакуацияланды, инертті материалдары бар 462 мың қапшық дайындалып, тиісті жерлерге төселді және 110 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив