Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

С. Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

17-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. ЕХӘҚМ басшысы екі күн ішінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қоныстандыру пункттеріне барады, сондай-ақ облыс орталығы мен Рудный қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарының қызметімен танысады. 

Аймаққа келгеннен кейін Светлана Жақыпова Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету және Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласына байланысты тапсырмаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру мен басқа да мәселелер қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив