Студенттік орталықтарда экономиканың түрлі бағыттары бойынша 167 стартап пен бизнес-идеялар іске асырылуда
Еліміздің 20 колледжінде жастар арасында «Идеядан табысты бизнеске дейін» бизнес-жобаларын іске асыру мақсатында «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды.
Бүгінгі таңда бұл орталықтарда 665 студенттің қатысуымен экономиканың түрлі бағыттары бойынша 167 стартап жүзеге асырылуда.
«Бұл студенттік орталықтар әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді. 2028 жылға дейін колледждерде дәл осындай 100 орталық ашу жоспарлануда. 119 мемлекеттік колледж өздері шығарған тауарларды нарыққа шығарып сатуда, бұл олар үшін өз бетінше табыс табу мүмкіндігі», - деп атап өтті техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, өңірлердегі «Business startup» студенттік орталықтары студенттердің стартаптары мен бизнес-идеяларын қолдау мен жүзеге асырудың алаңына айналуда.
Тағыда оқыңыз
Семей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі