Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.8 545.99 6.6

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық жоспарлау және реформалар мәселелері жөнінде тәжірибе алмасады

26-02-2023, 17:02 Думан Кенжеғазыұлы

Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық реформалар Агенттігінің Бас директорының орынбасары Рустамхон Азизовпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының Өзбекстанға сапары кезінде екі елдің Агенттіктері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Онлайн кездесу барысында Олжас Төлеуов әріптестерді Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Рустамхон Азизов Өзбекстан Агенттігінің жұмысы, жүргізіліп жатқан жобалар мен ведомствоның бастамалары жайлы айтты.

Іс-шараны қорытындылай келе, тараптар Агенттіктердің тәжірибесін зерделеу және Меморандум шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив