Петропавлда қоғам өкілдері сарбаздармен кездесті
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға елордалық 68665 әскери бөлімі мен Қарағанды қаласындағы «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарайтын 31775 әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Петропавлда әскери қызметшілермен «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті» РҚБ жергілікті филиалының өкілі Фарида Баубекова және Қарулы күштер ардагерлер кеңесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төрағасы запастағы полковник Қалиолла Сауытбеков кездесті.
– Сендердің аталарың Ұлы Отан соғысын, әкелерің Ауған соғысын көрді. Ал енді сендердің әскери борыштарыңды өтеу мыңдаған адам зардап шеккен су апаты кезіне тап келді. Осы міндеттеріңді абыроймен атқарып, мұндай қиындықты жеңуде халықпен бірге болатындарыңа сенемін, – деді ардагер.
Фарида Баубекова мен запастағы полковник Қалиолла Сауытбеков су тасқынына қарсы іс-шараларда атсалысып жүрген әскери қызметшілердің орналасқан жерлерін көріп, тамақтануы мен керек-жарақпен қамтамасыз етілу жағдайымен да танысты.
– Менің ойымша, осы кезеңде әскерде жүрген жігіттердің су апатымен күрескені жайлы талай жылдар айтылары сөзсіз. Бүгінгі күні олар ауыр жұмыстар атқаруда, сондықтан жауынгерлердің дұрыс тамақтануы мен күшінің қалпына келтіру үшін қажет нәрсемен қамтылуы да маңызды. Жеке құрамның орналасқан жеріне барып, сарбаздардың жылы киіммен, іш киіммен, жылы шұлықпен және қолғаппен қамтамасыз етілгеніне көз жеткіздім, – деп атап өтті Фарида Баубекова. – Тамақтануға қатысты шағым естіген жоқпын.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіБүгін – Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні