Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

26-02-2023, 17:48 Думан Кенжеғазыұлы

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы аудандық сотының бір судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Судьяны жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сондай-ақ, Астана қаласы мен Қызылорда облысының аудандық және облыстық соттарының судьяларына қатысты теріс қылық құрамының болмауына немесе оның елеусіздігіне байланысты 4 тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив