Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы жарияланды

18-04-2024, 18:19 Мадина Айдарова

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 49) және 52) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені азайту мақсатында сұрау салу бойынша (қажет болған жағдайда) ақпарат алу мүмкіндігін көздейтін тоқсан сайынғы есептілікті жою ұсынылады.

Сондай-ақ келісу комиссиясы қабылдайтын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы шешімге сәйкес, тексеру нәтижелері тиісті актімен рәсімделетін және оған лауазымды адамдар қол қоятын басқа тексеру және қадағалау органдарының практикасына сәйкес келетін тәсіл ұсынылады.

Барлық мүдделі тұлғаларды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=150216 сілтемесі арқылы «Ашық НҚА» порталында немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/647241?lang=ru сілтемесі арқылы танысуға болатын бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.

Бұйрық жобасына ұсыныстар мен ескертулер S.Mukhametzhanova@azrk.gov.kz электрондық поштасына қабылданады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив