Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Сенаторлар ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

18-04-2024, 21:33 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина, Айгүл Қапбарова және Алтынбек Нұхұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты.

Ольга Булавкина Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі комиссия отырысында «Атмосфера ауасын қорғау туралы», «Топырақты қорғау туралы», «Экологиялық мониторинг туралы», «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» және «Жүзім шаруашылығы және шарап жасау туралы» үлгі заңдарды әріптестерімен бірге талқылады.

Сенатор Айгүл Қапбарова Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ көші-қон кеңістігі тұжырымдамасының жаңа редакциясының жобасын әзірлеу жөніндегі ТМД ПАА-ның жұмыс тобын құру және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы үлгі заң шығарудың 2023-2025 жылдарға арналған келешек жоспарына өзгерістер енгізу туралы» мәселелерді қарады.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы ғылым және білім жөніндегі отырыста Халықаралық академиялық алмасуды нормативтік реттеу туралы ұсынымдар тұжырымдамасын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жас дарындарды дамыту мен қолдау жүйесін нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі әзірлеушілер ұсынған ұсынымдарды басқа елдердің депутаттарымен бірге қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив