Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Геодезистер су тасқыны аймақтарында жедел геодезиялық өлшеулер жүргізіп жатыр

19-04-2024, 15:23 Мадина Айдарова

Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Б.Б. тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке геодезиялық компаниялардың мамандары арасынан штабтар ұйымдастырылды.

Тәжірибелі геодезияшылармен бірлесе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы Орал, Атырау қалаларында және Январцево, Көшім, Тайпақ, Индербор, Махамбет, Еркінқала, Жаңаталап ауылдарында 8 өлшеу бекеттерінде геодезиялық өлшеу жұмыстарын жедел жүргізіп, сонымен қатар Павлодар облысындағы Ертіс өзеніндегі 6 бақылау-өлшеу станциясын үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Жайық (Орал) өзені бойындағы автомобиль жолдарының үйінділерін, бөгеттің жоғарғы жағын (биіктігін), су басу қаупі бар аймақтарда Жайық өзені бойында қорғау үшін орнатылған қоршау үйінділері мен құрылыстарды геодезиялық өлшеу жүргізіледі.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша сыни нүктелер мен қорғалмаған учаскелер айқындалды, оларды нығайту және қосымша қорғаныш үйінділерін орнату қажет.

Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының мамандары жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ мамандарымен бірлесіп, қалалар мен елді мекендерді су басуды азайту мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив