Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Аягөзде аудандық вебинар өтті

20-01-2023, 09:59 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылы қаңтар айының 19 күні  аудандық оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған  «ZOOM» платоформасы  арқылы дене шынықтыру пәні бойынша жарты жылдың қорытындысы және екінші жарты жылға бағыт - бағдар әдістемелік вебинар  өткізілді.

Вебинарға 42 дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысты.

Оқу-ғылыми,ұйымдастырушылық,әдістемелік кабиентінің әдіскері С. Қыржыбаев кіріспе  сөзінде қатысушыларға  сәттілік  тілеп, баяндамашыларға  кезек  берді.

«№ 4 жалпы  орта  білім  беретін  аралас  мектебі» КММ Дене  шынықтыру  пәнінің мұғалімі А. Кайранбаева І жартыжылдыққа өткізілген іс- шараларға қорытынды жасап, ІІ жартыжылдықтағы өткізілетін іс- шараларды баяндамасында тиек етсе, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп  гимназиясы»КММ Дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш. Каджиакпарова «Инновациялық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» тақырыбында  баяндама жасап, қазіргі таңда ұстазға керекті технологияларды қалай қолдануға болатыны туралы түсіндіріп, ақпараттармен бөлісті.

Вебинардан ұстаздар керекті мағлұматтар алып, болашаққа бағыт-бағдар алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив