Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Колледж өңірдегі кадр сұранысына қарай маман даярлауы керек – Тамара Дүйсенова

20-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өңірлердегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бейіндеу бойынша кеңестер өтуде. 

Қазірде еліміздің әр өңірінде даму бағдарламасы, сондай-ақ инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жұмысшы және орта буын мамандарын даярлау қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте колледждердің рөлі артып келеді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері ең алдымен жергілікті еңбек нарығына қажет мамандарды даярлауы қажет. Ол үшін ең бастысы колледждердің оқытушылық құрамы, материалдық-техникалық жабдықталуына және сапалы білім бағдарламаларына назар аударылуы қажет. «Жас маман» жобасы аясында бірқатар колледждердің базасы жабдықталды. Әр аймақта озық тәжірибе жинақтаған оқу орындары бар. Олар тірек колледжі  және құзыреттілік орталық есебінде  өзге білім беру мекемелеріне көмек беруі шарт», — деді Тамара Дүйсенова.

Кеңестер аясында әр аймақтың оң тәжірибелері қарастырылуда.

Мәселен, Шымкентте 2 колледж базасында пилоттық жоба аясында эксперименттік топтар ұйымдастырылған. Мұнда мектептің жоғары сынып оқушылары сабақтан бос уақытта түрлі мамандық меңгеруде. Атап айтқанда, 30 балаға тігіншілік ісін үйренуде. Осылайша кәсіптік бағыттау мәселесі шешіліп отыр. Осыған ұқсас тәжірибелер барлық өңірде бар. 

Тағы бір мысал – Жамбыл облысындағы Қордай ауданындағы шетелдік мамандардың қолдауымен колледж ішінен тігін цехі ашылды. Қазір ол өңірдегі сұранысты қамту үшін ірі тапсырыстар алып, қызмет көрсетіп жатыр. Мұнда колледж студенттері кәсіптік практикадан өтіп, тәжірибе жинақтап, әрі қарай жұмысқа орналаса алады. 

Халықаралық әріптестік аясында Алматы қаласында да оң тәжірибе бар. Биыл 20 колледждің 200 арнайы пәндер оқытушылары мен  өндірістік оқыту шеберлері шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтті. Бұл бағыттағы жұмыс  алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондай-ақ алматылық колледждерге кәсіпорындардан тәжірибелі мамандарды тарта отырып, кадр даярлау ісі жолға қойылған. 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оң тәжірибелері кеңінен таратылуы керек. Бұл жұмыс Оқу-ағарту министрлігінің тұрақты назарында болуы тиіс. Біздің басты мақсат – түлек дайындау ғана емес, жастарға тұрақты жұмысқа орналаса алатындай жағдай жасау. Колледждердің тек мемлекеттік тапсырысқа иек артуы дұрыс емес. Жұмыс берушілер де өздеріне қажет мамандарды даярлауға ат салысуы керек. Оған қоса, колледждерде қазір өндірілген өнімнен түсетін табыс сол мекемеде қалатындай мүмкіндік берілген. Бұны материалдық-техникалық базаны жақсартуға және педагогтердің біліктілігін арттыру үшін қосымша табыс көзі ретінде қарастыруға болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив