Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қарулы күштер су апатына қарсы тұру үшін қосымша күш-құралдар бөлді

20-04-2024, 13:55 Мадина Айдарова

Жедел штабтың шешімі бойынша қарғын су басқан өңірлерге радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің, инженерлік-саперлік және медициналық бригадалардың әскери қызметшілері жіберілді.

Қонаев гарнизонынан Солтүстік Қазақстан облысына қосымша алты әскери қызметші және 11 техника жіберілді. Есіл өзенінде өткел жасаған құрамды күшейту жергілікті халықты эвакуациялау және жүктерді тасымалдау мүмкіндігін арттырады. 

Жеке құрамға және тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету үшін өңірлерге Қарулы күштердің төрт әскери-медициналық бөлімшесі мен мекемелерінен медициналық бригадалар келді. Іс-шараларға 57 дәрігер жұмылдырылып, 8 санитарлық автокөлік бөлінді. Бригадалар жеткілікті мөлшерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. 

Ақтөбе облысында Тараз гарнизонының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері жұмыс істеуде. Дезинфекциялық іс-шараларға 50 маман қатысып, 17 техника жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы шараларға Қарулы күштердің 5 441 әскери қызметшісі атсалысуда. 227 бірлік автомобиль техникасы, 12 тікұшақ, 5 әскери-көліктік авиация ұшағы және ұшқышсыз басқарылатын 3 құрылғы жұмылдырылды.

Елді мекендерден барлығы 3 300-ден астам адам эвакуацияланды, 1200-ден астам түрлі қызмет өкілдері тасымалданды, 213 тонна жүк жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив