Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

20-04-2024, 17:26 Мадина Айдарова

Қармен жабылған Қазақстан аумағының ауданы 3% -ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Жетісу және Абай облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталады.

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 - сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жекелеген күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

«Аптаның басында және ортасында Шығыс Қазақстан облысында, аптаның соңында солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында және Абай облысында жаңбыр жауады деп болжануда, түнгі уақытта жауын-шашынның қарға ауысуы мүмкін. 20, 22-24 - сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 - сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 26 – сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Абай облыстарында осындай ауа райының болуы ықтимал», - деді спикер.

Қатты жаңбыр 23, 25 - сәуірде Жамбыл облысында, 26 - сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында болады деп болжануда

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив