Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр

22-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Елімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған “Киелі мекен” апталығы аяқталды. Жеті күн ішінде 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, "Отырар" мұражайы, "Бұланты шайқасы" тарихи-мәдени орны, "Тамғалы тас" археологиялық кешені және т. б. нысандарға тазалық жүргізілді.

Жамбыл облысының тарихи-мәдени нысандарын тазалау кезінде еріктілер қола дәуірінің петроглифтерін тапты. Сондай-ақ Астана қаласында жас жұбайлар алаңы ашылды. Ал Алматы облысында Орталық саябақта бір рет қолданылатын ыдыстардан фотоаймақ, пластикалық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін балық инсталляциясы құрылды.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында 8-20 сәуір аралығында өңірлерде 770 мың адамды қамтитын 3,7 мыңнан астам іс-шара өтті.

22-27 сәуір аралығында аумақтарды көгалдандыруға, гүлдер, көшеттер отырғызуға, ағаштарды ақтауға бағытталған "Жасыл аймақ" апталығы өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив