«Жалпы күш –жігермен»: Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аягөздіктер де белсене ат салысуда.
Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартуды тұрақты қолға алған. Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды.
«Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға арналды. Аудан орталығында 500 түп ағаш отырғызылды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда, тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Мысалы, бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей береміз! - дейді Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбуталипова.
Аудандық мәслихат депутаты Айдар Нәдірбай да тұрғындардың, мекеме өкілдерінің тазалық акциясындағы белсенділігін ерекше атап өтіп, 6 мыңға жуық адамның сенбілікке қатысуы экологиялық сауатты қоғамның белгісі деген пікір білдірді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҮржар аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАбай облыстық мәслихатының сайлауына қатысатын партиялық тізім тіркеуден өттіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек