Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші және екінші оқылымда мақұлданды

23-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы жылдың 17 сәуірінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Масс-медиа туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданғанын еске салды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.

«Заң жобасында кодекс баптарын Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасының нормаларымен үйлестіру қарастырылған. Түзетулер «бұқаралық ақпарат құралдары» түсінігін «масс-медиа» (14 позиция) деп өзгертуді, сондай-ақ 451 және 452-баптарды бір бапқа біріктіруді көздейді», - деп атап өтті министр. Сондай-ақ министр заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын айтты.

Депутаттар заң жобасын бірінші және екінші оқылымда мақұлдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив