Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 16:00-дегі ақпарат

22-04-2024, 17:16 Мадина Айдарова

Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылармен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге, тұрғындарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіп жүрген волонтерлерге алғыс білдіреді.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде, сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн  астам қапшық және 22 мың тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында бір апта ішінде Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Осы сағатта 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде.

4 608 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив