Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер шөп пен қоқыстың жануының 90-нан астам жағдайын жойды
Өңірде барлық қар еріп үлгермей жатып, шөптер мен қоқыстардың жануы басталды, 1 сәуірден бастап ТЖД өрт сөндірушілері 90-нан астам жану жағдайын жойды.
Көбінесе шөп ашық жерлерде және саяжай қоғамдарының жанында жанады. Мұның себебі – отпен абайсыз болу.
ТЖД еске салады: халыққа ашық отпен жұмыс жасауда өте сақ болу керек, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті және қамысты өртеуге болмайды. Жол бойында сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды көліктерден лақтырмаңыз. От жағуға болмайды!
Рұқсат етілмеген өртеулер, от жағу және құрғақ шөптің өртеу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабы бойынша-20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша-ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша отты немесе аса қауіпті өзге де көзді абайсызда пайдалану жолымен жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру-екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не түзеу жұмыстарымен, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
ТЖД еске салады: өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай қоғамдарының, кәсіпорындардың аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазарту.
Табиғатта қауіпсіз демалуға ерекше назар аударыңыз, мұндай өрттердің шамамен 90%-ы адамның кінәсінен болады.
Егер сіз жануды көрсеңіз, оны бастапқы кезеңде өзіңіз сөндіруге тырысыңыз, егер сіз оны сөндіре алмасаңыз, онда өрт сөндірушілерді 101 және 112 телефондары арқылы шақырыңыз.