Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті!

23-04-2024, 13:10 Мадина Айдарова

Солтүстік Қазақстан облысында  су тасқыны басталғалы бері Ұлытау облысының құтқарушылар тобы тәулік бойы адамдарды құтқарып, эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Қиын сәтте тәуекелге барған, құтқару жұмыстарына да атсалысып жүрген Ұлытау облысының құтқарушысы Алибек Жаменкенов. Алибек ТЖД Жедел-құтқару жасағында 2021 жылдан бастап қызмет етеді.

Бұл салаға келгеніне көп болмасада Алибек қатарының алды, өз ісіне тиянақты, жұмысына жауапты құтқарушы-сүңгуір. Аз уақыттың ішінде адам өмірін түрлі апаттардан және төтенше оқиғаның алдын алуға аянбай еңбек етіп жүрген жас құтқарушылардың бірі.

2001 жылы дүниеге келген Алибек өзін ешқашан құтқарушы боламын деп ойламаған ол, қазір осы мамандық иесі атанғанына еш өкінбейді.

«Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді. Мен өзімді абыройлы мамандық иесімін деп санаймын. Сондықтан жұмысыма еш өкінбеймін. Кез келген адам құтқарушы бола алмайтыны анық. Бұл мамандықты тек таңдаулылар ғана атқара алады», - деп атап өтті Алибек Жаменкенов.

Қазір Әлібек Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде су тасқынынан қорғау үшін қаптардан бөгеттер құра отырып, азаматтарды эвакуациялауға және су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысады.

Құтқарушының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару, бұл өте жауапты миссия. Батырлар-біздің арамызда!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив