Олжас Бектенов жартыжылдықтың соңына дейін кезекке қоюды ашық әрі бәріне түсінікті етіп жасауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысы және проблемалық объектілерді аяқтау мәселесі бойынша өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың, сондай-ақ бірқатар өңірлер әкімдерінің баяндамасын тыңдады.
Олжас Бектенов Үкімет алдына биыл тұрғын үй құрылысына қатысты көптеген маңызды міндеттер қойылғанын атап өтті. Бұл – рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсыру, Мемлекет басшысының жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы тапсырмасын жүзеге асыру, сондай-ақ үлестік құрылыс пен заңсыз құрылыстың қордаланып қалған проблемаларын түпкілікті шешу.
Премьер-Министр қазіргі уақытта 650 мыңнан астам адам үй кезегінде тұрғанын атап өтті. 2023 жылы өңірлер әкімдіктері тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша жұмыстарын бастады. Мәселен, Мысалы, Ақмола облысында баспана кезегінде тұрғандардың ішінде талаптарды бұзған 16 мыңға жуық азамат, Шымкент қаласында 36 мыңнан астам адам анықталды. Бірақ, олардың аз ғана бөлігі кезектен шығарылған.
Премьер-Министр әкімдіктерге тізімдерді бірінші жартыжылдықтың соңына дейін өзектендіруді және тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Барлық әкімдіктер осы тізімдерді қайта қарап, жұмысты І жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауы қажет. Бәрі белгіленген ережеге сай болуға тиіс. Кезекке қабылдауды ашық әрі бәріне түсінікті етіп жасау керек. Сондай-ақ тізімге енгізілген адамдарға нақты мониторинг жүргізілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.