Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін Digital курстар оқытылады
Мемлекеттік тапсырыс аясында «ITeachMe» қоры мемлекеттік Бірыңғай грант операторының қолдауымен мүгедектігі бар жас қазақстандықтарды СММ-копирайтинг және мобилография курстарын оқыту үшін ITM Academy республикалық жобасын іске қосты.
Онлайн-жобаға 18-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Іріктеуден өткен 60 студент екі айға созылатын тегін курстан өтеді. Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ымдау тілдерінде қолжетімді. Студенттер курсты аяқтаған соң өз жобаларын қорғайды.
«ITeachMe» қорының басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, оқудан кейін студенттер тез арада жұмысқа тұра алады.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтарды оқытуға арналған бұл курстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүргізіледі.
Егер сіз жобаға қатысқыңыз келсе және іріктеу талаптарына сай болсаңыз, төмендегі қарапайым тіркеу үлгісін толтыруыңыз керек https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfBoE5kx9SqCRH8ItPvi2a_m65wFvI8jrefefPiIDJWZMcmPA/viewform?usp=sf_link