Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Сенаторлар мемлекеттік марапаттау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

23-04-2024, 22:10 Мадина Айдарова

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды талқылады.

Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң мемлекеттік марапаттау жүйесін жетілдіруге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайының үшінші отырысында берген тапсырмасын орындауға бағытталған.

Құжатта «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы даңқты батырлардың әскери ерлігін еске алуға ықпал етеді, сондай-ақ жалпыұлттық сананы, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға жәрдемдеседі.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив