Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Сенаторлар мемлекеттік органдар алдында еліміздің шекаралас аудандары тұрғындарының проблемасын көтерді

23-04-2024, 22:34 Мадина Айдарова

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс кездесуін өткізді. Онда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданын дамыту мәселелері талқыланды.

Комитет хатшысы Ольга Булавкина кездесуді аша келіп, 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына сәйкес шекара маңындағы елді мекендерді дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Тұжырымдаманы іске асыру аясында халықтың кетуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және тұтастай алғанда шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру жоспарлануда. Бұл аумақтардың проблемалары аса маңызды, өйткені олар өмірдің барлық салаларын қамтиды. Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарға қарамастан, бұл аумақтарда шешілмеген мәселелермен қатар жаңа қауіп-қатерлер пайда болды», - деді сенатор.

Кездесу барысында ауыл аудандарынан халықтың кетуін азайту және жаңа тұрғындарды тарту үшін ынталандыру тетіктері, сондай-ақ жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және бизнесті дамыту үшін шекара маңындағы аумақтарда инфрақұрылымды дамытуға инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Кездесуге қатысушылар өңірдің экономикалық әлеуетіне де тоқталды. Оның ішінде ауыл шаруашылығын қолдау арқылы шекара маңы аудандарының экономикалық дамуын ынталандыру және шекара маңы аумақтарында кәсіпкерлік белсенділікті көтермелеуде мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы айтылды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив