Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Сенатта байланыс және цифрландыру мәселелері туралы заң талқыланды

24-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда бірқатар заңдар талқылнады.

Сенаторлар байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және заңнамалық артық реттеуді болдырмау мәселелерін қарады. Заңда байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары аясында байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау көзделіп отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі байланыс қызметтерін субсидиялау жөнінде өзгерістерді қамтитын 9 кодекс пен 29 заңға түзету енгізіледі.

Депутаттар сонымен қатар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңдар талқыланды.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңдарды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив