Жетісу облысының орман шаруашылықтарында өрттің алдын алу
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Талдықорған орман шаруашылығы, полиция және еріктілермен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттер мен жану қаупін болдырмау және азайту мақсатында орман шаруашылығы аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты табиғатта демалу кезінде де, орман алқаптарында да өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бағытталған.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде демалушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жадынамалар мен брошюралар тарата отырып, нұсқамалар өткізілді. Осыған ұқсас жұмыстар облыстың барлық аумағында жүргізілуде.
Бүгінгі таңда құрылған мобильді топтармен 43 рейд жүргізілді, 73 мың 840 теңге сомасына 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, табиғи өрттердің, дала өрттерінің және олардың үлкен аумақтарға таралуының негізгі себептеріне халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, от жағу, сабан жағу, ауылшаруашылық өрттері, барлық табиғи өрттер мен өрттердің 50%-дан астамын құрайтын минералданған жолақтардың болмауы ықпал етеді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 3-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Облыс тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігінің кейбір ережелерін сақтауы қажет:
- табиғатта демалу кезінде тек арнайы белгіленген жерлерде от жағыңыз, отта тамақ пісіргеннен кейін, сумен толтырыңыз және қайтадан өрттің алдын алу үшін бәрі сөнгеніне көз жеткізіңіз;
- табиғатта демалу кезінде қоқыстарды, әсіресе шыны заттарды қалдырмаңыз, өйткені әйнектен өткен күн сәулесі құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
- табиғи өрттер туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлау қажет.