Астанада әскери міндеттілермен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті
Аталмыш оқу-жаттығу елорданың аумақтық қорғаныс бригадасында он күндік әскери жиын аясында ұйымдастырылды.
Әскери жиынға шақырылған офицерлік, сержанттық және қатардағы жауынгерлер құрамынан жүз адам қатысты.
– Жиын барысында әскери міндеттілер теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Жиынның соңғы кезеңі аса маңызды нысанды – «Астана Су Арнасы» МКК күзету бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы пысықталып, бөлімшелерді үйлестіруге ерекше назар аударылды, – деді елордадағы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаев.
Парламент Мәжілісінің аппаратында жұмыс істейтін запастағы лейтенант Әбірбек Саурық жиынға Есіл қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен шақырылды.
– Әскери жиындар кезінде жауынгерлік, тактикалық, атыс, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан сабақтар өтті. Іс жүзінде қарулы шабуыл болған жағдайда «Астана Су Арнасы» кәсіпорнын қорғау жөніндегі іс-қимылдар пысықталды, – деді әскери міндетті.
Запастағы әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау теориялық білімді жаңартуға және қолда бар дағдыларды бекітуге мүмкіндік береді. Осылайша, әскери дайындалған резерв жинақталып, мамандардың құзыреті жетілдіріледі. Бұл ретте тапшы мамандықтар бойынша кадрларды толықтыруға баса назар аударылады.
Тағыда оқыңыз
Астаналық әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындарына аттандыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚорғаныс министрлігі жыл қорытындысы мен маңызды оқиғалар туралы