Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми қызмет
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде 2024 жылғы 24 сәуірде «Ұлттық азаматтық қорғау орталығы» Акционерлік қоғамымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми қызметті қайта құру мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті міндеттер талқыланды, АҚ базасында өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімін құру, осы бөлімнің базасында мемлекеттік инспекторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуге дайындық туралы, 2030 жылға дейінгі өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамасының жобасы шеңберінде бөлімді дамыту жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеумен, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторларды оқытумен және олардың біліктілігін арттырумен, ғылыми зерттеулер жүргізумен, қауіпті өндірістік объектілердегі ықтимал төтенше жағдайлардың қауіптілігін болжаумен және бағалаумен айналысатын болады.