Астанада архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселелері талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Астана қаласының мемлекеттік архиві бірлесе отырып, «Е-Өтініш» арқылы келіп түскен адвокаттық сұраныстарды қарастырудың жолдары» атты семинар өткізді.
Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивіне сұраныстарды беру бойынша іс-қимыл алгоритмі туралы маңызды мәліметтер айтылды.
Сондай-ақ іс-шара барысында архив мекемелерінің құрылымы, архив қорларындағы құжаттар, әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық құжаттарды орындау кезінде архив құжаттарын пайдалану мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Астана қаласының адвокаттары мен нотариустарының өтініштері бойынша архив құжаттарының көшірмелерін беру және мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселерін шешу, «Е-Өтініш» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және түйіткілді мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қаралды.