Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Палатаның алдағы отырысында жаңа сенатор ант береді

29-04-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 2 мамыр күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Бейсенбідегі отырыста Қызылорда облысынан жаңадан сайланған Парламент Сенаты депутатының ант беруі және оны тұрақты комитетке мүше етіп сайлау мәселелері қаралады.

Сонымен қатар сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Хаттама транзит көлемдерін, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңартуды, сондай-ақ Келісімді он жылдық кезеңге 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды көздейді. Сондай-ақ құжатта келісімді жүзеге асыратын құзырлы органды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілген: Қазақстан жағынан – бұл Энергетика министрлігі, Ресей жағынан уәкілетті ұйым – «Роснефть» мұнай компаниясы.

Сондай-ақ р Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, перспективалы телекоммуникациялар мен цифрлық технологияларды тарту үшін қолайлы заңнамалық жағдайлар жасауға және инновациялық экожүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Комитеттерге бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив