Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.72 482.28 4.9

29 сәуір - Халықаралық би күні

29-04-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Би өнеріне арналған атаулы күн 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілді.

Бұл мерекенің 29 сәуірге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні француз балет бишісі, теоретигі, балет өнерінде реформа жасаған «заманауи бидің әкесі» Жан-Жорже Новерре дүниеге келген. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі.

Халықаралық би күні қарсаңында Латвияда XVII халықаралық хореографиялық байқау өтті. Байқауда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі әртістері «Халық биі» және «Хореограф» номинациялары бойынша лауреат атанды.

Байқау 25-28 сәуір аралығында Рига қаласында өтті. Оған АҚШ, Латвия, Эстония, Литва, Германия, Аустралия, Испания, Грекия, Грузия, Жапония, Словения және Қазақстан сияқты әлемнің 12 елінің бишілері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив