Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
514.5 582.67 6.35

Ольга Булавкина Риддер су электр станциясындағы техногендік оқиғадан кейін халыққа келген шығынды өтеу мәселесін талқылады

29-04-2024, 18:19 Мадина Айдарова

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаты Ольга Булавкина мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Онда 2023 жылы Риддер су электр станциясында болған техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан халыққа келген шығынды өтеу мәселесі талқыланды.

Ольга Булавкина болған жағдайдың бәрін анықтау үшін мұқият және объективті тергеу жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сенатор кездесу барысында кінәлілерді анықтау және апаттың себептерін білу болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуге энергетика, төтенше жағдайлар, су ресурстары және ирригация министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив