Сенатта «Масс-медиа туралы» заң таныстырылды
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына «Масс-медиа туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңдар таныстырылды.
«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңалықтарында бірқатар түзетулер бар. Олардың ішінде мемлекеттік ақпарат тапсырысын бөлу тетігін гранттық қаржыландыруға көшу, БАҚ сауалдарын қарау мерзімін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес құру және басқа өзгерістер қамтылған.
Депутаттарға сондай-ақ қолданыстағы заңнама аясында БАҚ материалдарына талап қоюдың мерзімсіз кезеңі белгіленгені айтылды. Енді жан-жақты пысықтау барысында медиа-қоғамдастық және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып талап қоюдың бір жылдық мерзімі бойынша норма ұсынылды.
Суретті түсірген: А.Байжұманов