Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Сенатта ОДМ күн тәртібін іске асырудағы бизнестің рөлі талқыланды

30-04-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен «ESG-трансформация: Орнықты даму күн тәртібін іске асырудағы бизнестің рөлі» тақырыбында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның отырысына дайындық аясында жұмыс кездесуі өтті.

Ольга Перепечина өз сөзінде орнықты дамудың жаһандық күн тәртібін іске асыру тек тиімді мемлекеттік саясатқа ғана емес, сонымен қатар оны іске асыруға барлық тараптардың, оның ішінде бизнес қауымдастығының тартылуына байланысты екенін атап өтті. Кәсіпорындар ішіндегі экологиялық, әлеуметтік және басқару тәжірибелерін өлшеу мақсатында Орнықты даму мақсаттарының әлеуметтік және басқару аспектілерін есепке алуға бағытталған ESG принциптері әзірленді.

«ESG қағидаттарын енгізу жекелеген кәсіпорындардың да, жалпы мемлекеттің де инклюзивті өсуі мен өркендеуіне жәрдемдесу үшін қажет. ESG қағидаттарын елемеу ұлттық экономикаға, халықаралық беделге, қаржы тұрақтылығына және еліміздің ұзақ мерзімді орнықтылығына көп қырлы қауіптер туғызады», – деді Ольга Перепечина.

ESG қағидаттарын енгізу саласындағы жұмыс туралы экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаев баяндады. Ол ESG стандарттарына сәйкес келетін экологиялық факторларға булану газдары шығарындыларын азайту, қол жетімді ең жақсы технологияны енгізу, жасыл таксономияны қолдану жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін орындау кіретінін хабардар етті. Сонымен қатар, кәсіпорындар ішіндегі әлеуметтік тәжірибелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасовтың баяндамасы тыңдалды. Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов ESG қағидаттарын интеграциялаудағы көшбасшы компаниялардың тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар баяндама жасады. Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша парламенттік комиссияның алтыншы отырысына дайындық аясында жұмысқа қабылданатын өзекті мәселелер мен ұсынымдардың тізбесі айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив