Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мұхтар Тілеуберді Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

27-02-2023, 19:01 Думан Кенжеғазыұлы

Астана, 2023 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді С5+1 форматында Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы министрлік кездесуі шеңберінде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер өткізді.

Тараптар дәстүрлі достық және сындарлы түрде екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы
іс-шаралар кестесін талқылады. Министрлер бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға екі жақты бағытталғандығы расталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив