Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қаралды

2-05-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» іске асыру шеңберінде облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Терроризмге қарсы орталық штабы қызметкерлерінің қатысуымен облыстың терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті.

Жиын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Олжас Құрманбектің төрағалығымен өтті. Жұмыс тобының отырысына облыстың АТК мүше аумақтық мемлекеттік органдарының басшылары, сондай-ақ ZOOM-конференция форматында қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың төрағалары ретінде облыстың қала мен аудан әкімдері қатысты.

Отырыста облыстағы діни экстремизм мен терроризм профилактикасының жай-күйі, «Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың жол картасы» және «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» іске асыру жөніндегі мәселелер қаралды.

ҚР ҰҚК АТО штабының қызметкерлері терроризмге қарсы комиссиялар қызметінің негізгі бағыттарын, қауіп-қатерге қарсы тұру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын іске асырудың негізгі нысандары мен әдістерін айқындады.

Жұмыс тобының отырысына қатысқан ҚР ҰҚК облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары О. А. Жаппасбаев терроризмге қарсы күресте және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық ведомстволар мен ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.

«Тек үйлестірілген іс-қимылдар мен тұрақты ақпарат алмасу террористік қатерлерге қарсы тұруды қамтамасыз ете алады», -деді Олжас Жаппасбаев.

Жұмыс тобының отырысында әрі қарайғы іс-қимылдардың нақты ұсынымдары мен бағыттары әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив