Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

2-05-2024, 20:21 Мадина Айдарова

Азаматтарды қабылдау орталығында оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға еліміздің әр өңірінен қатысқан тұрғындар өз сұрақтарын онлайн форматта қоюға да мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды.

Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын ескертті. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, азаматтардың жеке қабылдауы өңірлермен қатар, Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимаратта орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайындағы Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив