Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«Қазфосфат» ЖШС ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзғаны үшін 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды

3-05-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініші бойынша басталған «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тергеудің аяқталғаны туралы хабарлайды. Кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді.

Сот шешімі заңды күшіне еніп, айыппұл толық көлемде төленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив