Мақаншы ауданында «Таза Қазақстан» эко-акциясы жалғасуда
Бүгін Мақаншы ауданы шекара басқармасының Ақшоқы шекара бөлімшесінің аумағында «Таза Қазақстан – таза шекара» акциясы өтті.
Акцияға ауыл тұрғындары, шекарашылар, сарбаздар жалпы жиыны 60-тан астам адам қатысты. Сонымен қатар, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Акция аясында Ақшоқы ауылы мен шекара бөлімшесі арасындағы 1,5 шақырымнан астам жол жиегі тазартылды.
«Мемлекет басшысы шекара маңындағы аумақты дамыту мақсатында Мақаншы ауданын қайта құрды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Шекара елдің айнасы іспеттес. Шеттен келген қонаққа алдымен әсер қалдыратын да осы жер. Сондықтан шекарамызды күзетіп қана қоймай, таза ұстауымыз керек», - дейді Ақшоқы ауылының тұрғыны Ләззат Мұхаметжанова.
Ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан – таза шекара» челленджін ШҚО Марқакөл ауданына жолдады.
Бұл бағыттағы жұмыс Мақаншы ауданының шекара басқармасына ведомстволық бағынысты барлық бөлімшелерде жүргізіледі.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі