Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан III Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты

4-05-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

III Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастарды кеңейту бағытында елеулі қадамдар жасалды, онда Орталық Азия өңірінің даму перспективалары қозғалды, сондай-ақ «Trade Connect Central Asia+» жобасы іске қосылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаева сөз сөйледі.

Қазақстан мен Өзбекстан өздерінің ортақ тарихына, мәдениетіне және тату көршілік дәстүріне сүйене отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып келеді. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 4 миллиард АҚШ доллардан асты. Екі елдің мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізу шаралары қабылдануда.

Соңғы жылдары елдер арасындағы ынтымақтастықтың драйвері ретінде өнеркәсіптік кооперация саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда бұл салада жалпы сомасы 2,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 60 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 55 жоба Қазақстанда, 5 жоба Өзбекстанда жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасында жалпы құны 144 млн доллар болатын 11 бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылды. 181 млн долларды құрайтын 3 бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Бұл ретте бірлескен күш-жігермен шамамен 2,3 миллиард долларды құрайтын 46 жоба әзірленуде.

«Бізде көптеген басым секторлардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту үшін орасан зор мүмкіндіктер бар. Сондықтан біз энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, суды пайдалану және экология, білім беру салаларындағы жобаларды бірлесіп қолға алуды ұсынамыз», – деді Н.Нұрбаева.

Министрдің орынбасары сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Бұл тұрғыда маңызды қадам – «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының жобасын жедел іске асыру, ол тиімді өнеркәсіптік өзара іс-қимылдың үлгісі ғана емес, сонымен қатар белсенді дамып келе жатқан «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия экономикалық дәлізінің негізгі алаңы болады.

Форумда сондай-ақ Халықаралық ислам сауда-қаржы корпорациясының «Trade Connect Central Asia+» (TCCA+) жобасы іске қосылды. Жоба инклюзивті экономикалық өсуге және аймақтық экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізуге, сондай-ақ Орталық Азия елдері, Әзербайжан және басқа елдер арасындағы сауданы дамытуға бағытталған.

TCCA+ бағдарламасы өндірісті жақсартуға, шекарадан өту уақыты мен шығындарын қысқарту арқылы аймақтық сауданы жеңілдетуге, аймақтық бизнес байланысын арттыруға және сауда саясатын реформалау және мүше елдер арасындағы сауданы қолдау институттарының тиімділігін арттыру арқылы аймақтық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив