Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.44 480.51 4.88

Балтабек Ерсәлімов дүниеден өтті

5-05-2024, 16:17 018.kz

Ұлы Абайдың жиені, филолог, этнограф, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, белгілі жазушы, журналист Балтабек Ерсәлімов 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Балтабек Ерсәлімов – өлкетанушы, журналист, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, «Абай» қорының президенті қызметін атқарды.

Балтабек Бәзілұлы Ерсалімов 1938 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. 

Нағашы атасы Ахметбек Ысқақұлы оқыған, көзі ашық сауатты адам болған. Сол кездегі аты шыққан зиялы қауыммен тығыз байланыста болғанын дәлелдейтін тарихи құжаттар, естеліктер кездеседі. Ысқақтың баласы Ахметбек туралы деректер аз болғандықтан, «Сен осы Абай атамызға қалай жиенсің?» деген сауалды жиі қояды. Балтабек ағамыздың оған жауабы да дайын: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын», – дейді екен. 

Балтабек Бәзілұлының анасы Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы. Анасы кішкене кезінде аталары Абай мен Ысқақты көзімен көріп, сол кездегі Абай, Ысқақ ауылындағы адамдардың өмірі мен есімін жадына тоқыған аса шежірешіл адам болған. 

Балтабек Бәзілұлы облыстық «Прииртышская правда» газетіне курьер болып түнде жұмыс істеп, күндіз оқыды. Алматының КазГУ-нің журналистика факультетін сырттай бітіріп, редакцияға журналист болып оралды. 

Семейдегі Абай қорын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылы Республикалық «Абай» журналының қайта шыға бастағанына 10 жыл толу мерейтойына байланысты, Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлына 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

(дерек ашық ақпарат көздерінен дайындалды).

Р.С: Балтабек Ерсәлімовтің соңғы сапары 6.05.2024 жылы, сағат 10-да Абай Құнанбайұлы орталық мешітінде шығарылады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив