Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Балаларды сауықтыру орталықтары бойынша 200-ге жуық басшы семинарға қатысты

6-05-2024, 10:09 Мадина Айдарова

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сауықтыру орталықтарының, жас туристер станциялары басшыларының республикалық кеңесінің және ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.
 
Мақсаты - балаларды сауықтыру және білім беру мекемелерін жазғы сауықтыру науқанына сапалы даярлауды ұйымдастыру, жазғы кезеңде балалардың сауығуын, демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды айқындау.

«Екі күн бойы қатысушылар жазғы кезеңде балалардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы бойынша үздік кейстерді талдап, пікір алмасты. Атап айтқанда, диалог алаңдарында келесі бағыттар талқыланды: «құрылымнан іске асыруға дейін» балаларды сауықтыру орталықтарындағы тәрбие бағдарламалары, балаларды тәрбиелеу мен сауықтыруды ұйымдастырудағы балалар лагерлерінің педагогикалық әлеуеті, сондай-ақ жазғы маусым кезеңіндегі қызмет бейіні бойынша лагерлер қызметінің өзекті аспектілері», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы жазғы демалысқа дайындық осы жылдың қаңтар айында басталды. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің әрбір түріне бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру бойынша еріктілер мен педагогтер жұмысқа тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқама өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Бүгінгі таңда Министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп балалар сауықтыру орталықтарының тізілімін бекітті. Жазғы кезеңде барлығы 3,1 млн оқушыны немесе 88,2% демалыспен қамту жоспарлануда. Олар үшін 10 630 лагерь дайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив