Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызбұлақ ауылында 3 балл.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. - ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);*
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.