Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Светлана Жақыпова Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтады

6-05-2024, 20:03 Мадина Айдарова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтады. Ол отандастарымызға бейбітшілік, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

«Біз Отан қорғаушылар күнін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында атап өтуіміз кездейсоқ емес. Кезінде Отанымызды жаудан қорғаған ардагерлерге, қазір борышын өтеп жүрген азаматтарға және болашақта Отан алдындағы борышын өтейтін жас буынға құрмет пен алғысымызды білдіреміз.

Бұл ретте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Сіздердің қиын-қыстау жылдары танытқан ерліктеріңіз барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алды. Біз майдандағы ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында елімізде тыныштық орнауына үлес қосқан азаматтар жөнінде  мектеп кезінен оқып, тыңдап өстік. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт елде өмір сүріп келеміз. Сол арқылы алға биік мақсаттар қойып, ғаламдық міндеттерді шеше аламыз.

ҰОС жылдарында Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанды. 20-дан астам атқыштар дивизиясы және өзге де әскери құрылымдар құрылды. Ерлікпен көзге түскен жүздеген мың азаматымыз ордендер және медальдармен марапатталды. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт жауынгеріміз екі мәрте Батыр атағын алып, 110 отандасымыз үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Отан үшін жанын берді. Олар шайқаста ерлікпен қаза тапты. Қаншама жауынгердің алған жарақаты жазылмай, xабарсыз кетті. Тұтқынға түскен 630 мың адам оралмады.

Барша отандастарымыз батырларымызды ұмытпауға тиіс!

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне үлес қосқан ардагерлерімізге және басқа да қадірлі азаматтарға, сондай-ақ қазіргі Отан қорғаушыларымызға зор денсаулық және ұзақ өмір тілеймін! Аспанымыз әрқашан ашық болсын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Барша отабсыларға бақ-береке мен игілік тілеймін!» - делінген  Светлана Жақыпованың құттықтау сөзінде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив